Соңғы уақытта адамдардың көпшілігінде дерлік салтанатты демалу мүмкіндіктері пайда болуда.
Және шипажайлық қалалардың отельдеріндегі қарапайым демалыстан басқа демалушылар жайлы яхталарда теңіз жағалауларының маңында круизды артығырақ көре бастады.
Жұртшылықтың осындай өкілдерінің кейбірі (байлар) өздеріне жеке меншік яхталар алып алған және келесі жолы өздерінің әдемі кемелерімен қашан және қайда сырғанайтынын өздері шешеді.
Ал аз ауқаттыларға тек яхтаны жалға алып, соны қанағат тұту ғана қалады.
Дегенмен, соңғылар үшін бұл жаман нұсқа емес, сесебі салыстырмалы аз қаражатқа олар тамаша жағдайлар алып, уақытты тааша өткізе алады.
Бірақ яхтаны жалға алу қанша тұрады?
Алдымен анықтап алайық – әдетте яхта чартеріне жұмсайтын сома неден тұратын болады.
Шығындық баптар
Тармақтар бойынша қарастырайық:
Құны Сізге бастапқы келіссөздер кезінде айтылатын яхтаның өзін жалға алу немесе ол профильдік сайттардың беттерінде шығады.
Соның ішінде біздің Каталогта да.
Бұл сомаға кіреді:
- яхтаны жалға алу;
- экипаж қызметі;
- экипажға арналған азық-түлік;
- кемені және экипажды сақтандыру;
- мемлекеттік мариналарда тұрақтарды төлеу, егер жүру жолдары бойынша мұндайлар бар болса.
Бұл сан көбінесе кеменің габариттеріне, ондағы демалыс жағдайларына, маусымға, сонымен қатар яхтаның жаңалығына байланысты болады.
Яғни жүзу құралы қаншалықты үлкен және өлшемі бойынша кіші болса, яхтаны жалға алу да соншалықты арзан болады.
Бұл төмен маусым кезіндегі чартерге, сонымен қатар кемені ертерек броньдау кезіне де қатысты.
Бастапқы күйі бойынша яхта чартеріне сома апталық круизға есептеліп орнатылады.
Егер де Сіз аз мерзімге алғыңыз келсе, онда Сізге бағасын 6-ға бөлім, болжамды жалға алудың тәулік санына көбейту керек.
Круз уақытының мөлшері үлкен болған кезде (бір аптадан артық) сома 7-ге бөлініп, тәулік санына көбейтіледі.
Яғни яхтаны тәулігіне жалға алу екі жағдайда да әртүрлі болады.
Неге мұндай “әділетсіздік”?
Бұл круизға арналған кемені дайындауға еңбек шығынымен байланысты.
Яғни командаға шағын саяхатқа да, ұзақ жүзуге де дайындық кезінде бірдей мөлшерде күш салу керек болады.
Оған қоса мұнда чартерлер арасындағы еріксіз тоқтап тұру да ескеріледі.
Ілеспе шығындар
Ал дәлірек шығындар:
отынға;
жолаушылардың тағамы;
қонақтарға арналған алкогольді және алкогольсіз сусындар;
катерлер мен су ойыншықтарына арналған отын;
арналар бойынша өту үшін төлем;
жеке мариндерде тұрақ үшін төлем;
киім үтіктеу орыны;
жолаушылардың басқа да жеке шығындары.
Мұндай шығындар есебі сапардың соңында жүргізіледі.
Яғни бастапқы сомаға оның шамасынан тағы да 30% қосуға болады.
ҚҚС
Еуропалық одақтың көптеген елдері фрахта сомасына ҚҚС заң түрінде енгізген. Оған қоса оның шамасы Сіз саяхаттайтын су бойынша және яхта жүретін жалау бойынша мемлекетке байланысты өзгермелі болып келеді.
Орта есеппен бұл чартер құнына 10-20% мөлшерде үстеме береді.
Экипажға “шайлық”
Сіздің демалыстың мінсіздігі сонымен қатар экипаждың еңбегіне де байланысты, ол кеменің жұмысын, оның орын ауысуын және жолаушыларға қызмет көрсету бойынша толық сервистен тұрады.
Және круиз уақытында жұмысшылар тәулік бойы дерлік қызметте болады.
Сондықтан да олардың мұндай еңбектері үшін алғыс білдіру орынды.
“Шайлық” мөлшері біршама кең диапазонды қамтиды.
Еуропа үшін мұндай үстеме жалға алу сомасынан 5-10 % шегінде өзгереді.
Ал АҚШ немесе Карибский бассейніндегі жағалауларындағы чартер кезінде үстеме біршама жоғары – 10-20% шамасында.
Кемені орналасу портына қайтару
Өзіңіздің бағдарды Сіз кеменің мүмкіндігіне қарай өзіңіз анықтауға құқылысыз.
Бірақ егер Сіз яхтадан оған отырған порттан түспеуді шешсеңіз, онда кемені қайтару шығынын өтеуге дайын болыңыз.
Көбінесе бұл сомаға қайтару кезіндегі қажет жолды өтуге жұмсалған отын шығындар және тіркелген портқа (немесе басқа қажетті орын) қайтатын кемені жалға алу күні шығыны кіреді.
Кепілдік
Бұл шығындардың бабы болмауы да мүмкін, бірақ тосын жағдайлар мен шарт жасау үшін ақша қоры үшін дайындап қою керек болатын сома.
Жаңа яхталардың қожайындары міндетті шартқа – мүліктің ықтимал бұзылуына кепілдік төлеуді енгізеді.
Мұндай сома ірі яхталар үшін 10-20 мың еуроға дейін жетуі мүмкін (ұзындығы 60 метрге дейін).
Сондықтан да мүмкіндігінше мұндай жағдайға дайын болу керек.
Бұл негізгі шығындар, оны чартер уақытында өтеу керек болады.
Бюджеттік нұсқа
Егер Сіз көп қаражат жұмсауға дайын емес болсаңыз, онда бұл жағдайда 15-20 метрге дейінгі шағын кемені жалға алған дұрыс болады.
Мұндай яхталарды жалға алу бағасы жоғары емес.
Көптеген жағдайларда олар аптасына 1500-5000 еуро шамасында болады.
Ал шағын яхталарда экипаж минималды болғандықтан (кейде тіпті бір-екі адамнан ғана тұады), командаға шығындар да аз болады (шамамен тәулігіне 150-200 еуро). Оған қоса тамаққа шығын адам басына шамамен 200-300 еуро және әрбір жолаушыдан қосымша шығындар шамамен 50-100 еуро.
Жақсы ақшаға салтанат
Бірақ егер де Сіз өзіңіздің демалысыңызға үнемдегіңіз келмесе, онда бұл жағдайда мөлшері 20 метрден артық яхтаны жалға алуға болады.
Бұл жағдайда апталық чартер сомасының өлшемі төменгі маусымда 16000 еуродан басталады (ұзындығы 20 метр яхта үшін) және жоғары маусым кезіндегі 60 метрлік яхта үшін 600 000 еуроға дейін жетеді.
Оған қоса бұл сомаға пайыздық қатынасын жоғарыда келтірген қосымша шығындарды қосамыз.
Бағаны анықтадық.
Енді яхтаны жалға алуға тапсырыс беру керек!
Ал бұны ScanMarine TM (Cofrance SARL) компаниясында жасаған дұрыс.
Бұл чартер үшін қуатты яхталар базасы бар Еуропаның жетекші орыс тілді яхталық брокері.
Бұған Сіз каталогқа қарап көз жеткізе аласыз.
Ал компания жұмысшылары жайлылық бойынша да, бағасы бойынша да Сіз үшін үйлесімді яхтаны таңдауға көмектеседі және оған қоса Сіздің демалысыңыз ертегідей болуына жағдай жасайды!